423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Димаш Құдайберген БҰҰ Қазақстандағы өкілімен кездесті

  • 291
  • UPD: 17:22, 10.06.2020
Димаш Құдайберген БҰҰ Қазақстандағы өкілімен кездесті ru.dimashnews.com

Димаш Құдайберген БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің Қазақстандағы өкілі Властимил Самекпен кездесті.

Емен-жарқын әңгіме барысында олар алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істеу жайын талқылады. Кездесуге сонымен қатар балалар құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саин қатысты.

Димаш БҰҰ қызметін белсенді жақтаушы, әлемдік #ООН75 (#UN75) диалогына қолдау көрсетуге дайын. БҰҰ 75 жылдық мерейтойы өкінішке қарай, коронавирус пандемиясына тұспа-тұс келіп отыр.

«ООН75» («UN75») кампаниясы қаңтарда құрылды. Мақсаты, жарқын болашаққа жетелейтін адамзатқа ортақ басымдықтарды анықтау.

Арнайы топ 75 жылдыққа орай бұрын-соңды ұйымдастырылмаған ең ірі жалпыхалықтық дискуссия өткізбек. БҰҰ адамдардың онлайн режимде де қарым-қатынасының үзілмеуіне баса мән береді, әсіресе қазіргідей қиын кезеңде бұл өзекті.

Хабар 24 телеарнасы