419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда екі жаңа телеарна ашылады

  • 860
  • UPD: 12:10, 29.06.2020
Қазақстанда екі жаңа телеарна ашылады

Биыл «Хабар» агенттігінің құрамына жаңа телеарна қосылады.

«Қазіргі уақытта «Абай ТВ» және «әл-Фараби» сынды екі жаңа телеарнаны ашу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. «Абай ТВ» телеарнасы ертеңнен бастап ашылады. Ол 30 маусымда «Қазақстан» ТРК телеотбасының құрамына қосылады», - деді ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халыққа есеп беру кездесуінде.

Айтуынша, бұл телеарна ұлттық мәдениетке арналмақ.

«Ал екінші тележоба – «әл-Фараби» телеарнасы. «Хабар» агенттігінің құрамына қосылатын бұл телеарна оқу жылының басында ашылады. Ол білім беруге арналған жаңа телевизиялық платформа болмақ. Оның аудиториясы 6-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер болады. Мұндай телеарнаның қажеттілігі әсіресе пандемия кезінде туындады», - деді министр.

Хабар 24 телеарнасы