418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-дағы Қызылоба шатқалын сакралды картаға енгізу жоспарланып отыр

  • 173
  • UPD: 09:51, 11.07.2020
СҚО-дағы Қызылоба шатқалын сакралды картаға енгізу жоспарланып отыр

Солтүстік Қазақстан облысындағы Қызылоба шатқалында туристік бағытты дамытып, бұл жерді сакралды картаға енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске сала кетейік, былтыр археологтар өңірдегі Уәлиханов ауданы аумағында Алтын Орда дәуіріне тиесілі бірнеше кесененің бетін ашқан болатын. Бұл Жошы ханның ұрпақтары тұрған тұрақ болуы мүмкін.  Ғалымдар: «Сілеті өзенің бойында бұрын көшпенділердің мәдени және саяси орталығы болған», деп болжам жасап отыр. Орта ғасырда тұрғызылған кесенелердің қабырғалары күйдірілген кірпіштен жасалған. Қазба жұмыстары кезінде мұнда қолөнер  бұйымдары мен ежелгі суару жүйелері табылды. Биыл мамандар қазба алаңын екі есе арттырған. Бірақ карантинге байланысты жұмыстар уақытша тоқтатылды.

Жанат Баймүсенов, тарихи -мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының бөлім меңгерушісі:

– Биыл базарлардың барлық аумағын көріп, оның қабырғалары қалай тұрғызылғанын анықтадық. Шілде айының басында  біз  сол кезде жерленген адамдардың бетін ашуымыз керек еді. Бірақ үлгермедік. Енді болашақта бұл жерде ашық аспан астында музей жасамақ ойымыз бар. Ол үшін қазір жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы