421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында ежелгі тарихи ескерткіш тоналды

  • 176
  • UPD: 08:29, 06.08.2020
Павлодар облысында ежелгі тарихи ескерткіш тоналды

Павлодар облысында ежелгі тарихи ескерткіш бұзылды, хабарлайды «Хабар 24».

Ресеймен шекаралас аумақтағы Железин ауданының Башмачное ауылында су құбырын салып жатқан құрылысшылар көне ескерткішті қазып тастаған. Андронов дәуіріне жататын жәдігерлерді мамандарға көрсетпеген. Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің жанындағы Марғұлан орталығы ғалымдарының айтуынша, оларға бұл оқиға туралы жергілікті тұрғындар хабарлаған. Кейін құрылысшылар бір метрлік тереңдіктен адам сүйектері мен қыш ыдыстарды тапқаны белгілі болды.

Айта кетейік, облыс аумағында бұған дейін табылған Андронов дәуіріне жататын ескерткіштер толыққанды зерттелуде. Бұл қорым біздің заманымызға дейінгі екі мыңжылдыққа жатады.

Әлібек Қабылдинов, ПМПУ Margulan Centre орталығы ғылыми зертханасы меңгерушісінің орынбасары:

- Өкінішке орай, құрылысшылар жұмыстарын тоқтатып, артефактілер туралы мемлекеттік органдарға немесе музей қызметкрелеріне айтпаған. Жәдігерлерді тауып, жұмыстарын жалғастыра берген. Осылайша, ғылыми құнды ескерткіштерге зиян тигізді. Біз осы жерге келген соң артефактілерді музейге беруді сұрадық. Бірақ бізге рұқсат берілмеді. Жергілікті учаскелік полицейге өтінішімізді білдірдік. Төрт ыдысты алдық.

Хабар 24 телеарнасы