427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбылдықтар Абай күнін кең көлемде атап өтіп жатыр

  • 230
  • UPD: 13:27, 10.08.2020
Жамбылдықтар Абай күнін кең көлемде атап өтіп жатыр

Қала жұрты таң ата ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тарихи тұлғаның шығармаларынан радиоконцерт ұйымдастырылды. Ал облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Абай Құнанбайұлына арнап кітап көрмесін қойды. Биыл бұл бағытта кітапхана қорына 67 атаудан тұратын 200-ден астам кітап сатып алынған. Бірнеше шетел тіліне аударылған жаңа жинақтар Абай мерекесінде көпшілікке жария етілді. Мейрам «Ғылым таппай мақтанба» атты байқау жеңімпаздарын марапттау рәсімімен жалғасады.

Хамит Есаман, Қазақстан жазушылар одағы басқармасы облыстық филиалының директоры:

– Әрбір буын Абайдан өзіне керегін алады. Өзіне керегімен тәрбиеленеді. Өйткені Абайдың өлеңдері де, қара сөздері де бұл қазақтың болмысынан, қазақтың руханиятынан хабар береді.  Бұл ұлттың ұлы руханиятына көрсетіліп отырған құрмет. Сондай-ақ жас ұрпақты, келешек ұрпақты тәрбиелеуде де маңызы зор бастама. Маңызы зор шешім есептейміз.

 

Хабар 24 телеарнасы