422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда Елбасының қолданған заттары қойылған жылжымалы көрме ұйымдастырылды

  • 119
Алматыда Елбасының қолданған заттары қойылған жылжымалы көрме ұйымдастырылды

Алматыдағы ғылым ордасында «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мақсаты – еліміздің тағылымды тарихын, өткен жолын, мемлекетіміздің тәуелсіздігі үшін күрескен халық тағдырын көпшілікке көрсету. Елбасының дара жолын дәріптеу. Көрмеде Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолданған заттары, шахмат тақтасы, қол сағаты және тағы да басқа құнды жәдігерлер мен кітаптар бар. Сондай-ақ Түркия, Сирия, Иран сынды елдердің басшылары берген кәдесыйларды осы жерден көруге болады. 

Назгүл Бигелдиева, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығының директоры:

– Жылжымалы деген, яғни біздің орталықтан шыққан құнды жәдігерлерді басқа ұйымдарға паш ету. Яғни, осы жәдігерлер, жылжымалы көрмелер арқылы біз өзіміздің орталығымызды таныстыра түсеміз.

Хабар 24 телеарнасы