424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Абай бейнесі Қазақстан суретшілерінің көзімен...

  • 102
  • UPD: 21:24, 13.11.2020

Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай – халық даналығы» атты көрме ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда ақын тұлғасы мен шығармашылығына арналған 70-тен астам кескіндемелік, графикалық, мүсіндік туындылар қойылды. Іс-шара аясында «Абай бейнесі Қазақстан суретшілерінің көзімен» деп аталған каталог жарыққа шықты. Оған әйгілі қылқалам шеберлері мен кескіндеу өнерінде енді таныла бастаған жас суретшілердің 120-дан астам таңдаулы туындылары енген. Авторлар данышпан ақынның бейнесін әр қырынан ашуға тырысқан дейді музей қызметкерлері.

Сандуғаш Мырзабекова, ҚР мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайының бөлім жетекшісі:

– Бұл шығармаларда Қазақстан халқының 20-ғасырдың басындағы және де кейінгі суретшілердің туындылары қойылған. Соның ішінде алғашқы суретшілердің бірі – Әбілхан Қастеев, Айша Ғалымбаева, Құлахмет Ходжев, Леонид Леонтьев сынды кескіндемелік шығармалар бар. Ол шығармаларда көбінесе Абайдың образы дүниетанымын ашуда Абайдың образын әдемілеп көркем бейнелеген.

Хабар 24 телеарнасы