422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әйгілі әртіс Армен Джигарханян дүние салды

  • 90
Әйгілі әртіс Армен Джигарханян дүние салды

КСРО-ның халық әртісі, режиссер Армен Джигарханян дүниеден озды.

Қазан айында ол 85 жасқа толған еді. Қайғылы хабарды театр өкілдері жеткізді. 1935 жылы 3 қазанда Ереванда дүниеге келген Армен Джигарханян сахнаға алғаш рет 1955 жылы шықты. 5 жылдан кейін «Обвал» фильмінде жас жұмысшы Акопты сомдайды.

Джигарханянның көпке танымалдығы «Здраствуй, Это я» фильмінде басты рөлдегі жас физика маманы Артем Маневлянды ойнауымен басталды. Оның аты аңызға айналған «Место встречи изменить нельзя» фильміндегі ойыны көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Театр сахналарында жүздеген рольді шебер сомдады. 2018 жылы әртіс инфарктпен ауруханаға түсіп, жазылып шыққан еді.

Хабар 24 телеарнасы