422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Борат елі: даңқты қазақ мемлекеті» деректі фильмі түсірілді

  • 106
  • UPD: 19:49, 16.11.2020
«Борат елі: даңқты қазақ мемлекеті» деректі фильмі түсірілді

Борат демекші, танымал блогер Мирас Ыбрайымов ағылшын тілінде «Борат елі: даңқты қазақ мемлекеті» деп аталатын деректі фильм түсірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Фильмнің басым бөлігі – Маңғыстау өңіріне арналған. Онда киелі өлкенің таңғажайып табиғаты мен көркем жерлері таспаланған. Кәсіпкер саяхаттап жүріп, әлемге нағыз Қазақстанды көрсетуді мақсат етеді. 23 қазанда «Борат 2» фильмінің шығатынын естіген бойда бұрыннан ойда жүрген бейнеролиікті түсіруге кірісіп кеткен екен. Бұл фильм Саша Барон Коэнға жауап емес. Тек елімнің кереметтерін паш ететін деректі фильм түсіруге себеп болды деп жазады Мирас өз парақшасында. Бейнероликте ол Каспий жағалауындағы ару қала Ақтаудан бастап, Бозжыра шатқалы, Ыбықты сайы мен Қарақұм жөнінде ағылшынша әңгімелеп береді. Түйе шарушалығында болып, жергілікті тұрғындардың өмірін көрсетеді. Қазір бұл фильм әлеуметтік желіде қызу талқыланып, өзге елдерге кеңінен тарала бастады.

Хабар 24 телеарнасы