423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Junior Eurovision 2020: дауыс беру басталды. Қазақстанға қолдау көрсетейік

  • 347
  • UPD: 01:30, 28.11.2020

Junior Eurovision-2020 байқауының қатысушыларына дауыс беру басталды. Еліміздің атынан бұл халықаралық жобаға Қарақат Башанова қатысып жатыр.

Қазақстанның атынан қатысып жатқан үміткерге қалай дауыс беруге болады?

ДАУЫС БЕРУ 2 КЕЗЕҢДЕ ӨТЕДІ:

I кезең бүгін, 28 қараша түнгі сағат 01:00-де басталып, 29 қараша күні өтетін тікелей эфирге дейін жалғасады.

ІІ кезең барлық қатысушы өнер көрсетіп болған соң, 15 минутқа қайта ашылады.

ДАУЫС БЕРУ ҮШІН:

  1. Уақыт жоғалтпас үшін junioreurovision.tv немесе jesc.tv сайтына кіріңіз;
  2. Қатысушылардың әндері жинақталған қысқа видеороликті көріп шығыңыз;
  3. Бейнежазбадан соң дауыс беру ашылады. Өнерпаздардың арасынан ҚАРАҚАТТЫ және тағы 2 қатысушыны таңдаңыз.
  4. Төмендегі «Менің даусымды қабылдау» немесе «Submit my votes» белгісін басыңыз.

ЕЛ ЖЕҢІСІ СІЗДІҢ ҚОЛЫҢЫЗДА!

P.S. Дауыс беру ТЕГІН.

Хабар 24 телеарнасы