Елордада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған бірқатар мерекелік іс-шара өтеді.
Қала тұрғындары мен қонақтары онлайн концерттер, көрмелер мен конференцияларды тамашалай алады, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
30 қараша-1 желтоқсан аралығында қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бірқатар онлайн шара өткізеді. Атап айтқанда, ОҚК қызмет көрсету бөлімі (@biblioteka_auezov) «Көшбасшы биографиясы» онлайн саясипортрет шарасын, №15 көпшілік кітапханасы (@сbs15filial) «Біздің тұңғыш – Президент» онлайн экспресс-көрмесін, №5 көпшілік кітапханасы (@5massovayabiblioteka) «Тәуелсіз елдің елбасы» онлайн-панорамасын ұсынады.
«Nomad City Hall» Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шара ұсынады. Қойылым мына әлеуметтік желілерде қолжетімді: Instagram: @nomad_cityhall @nomad_teatry; Facebook: Nomad City Hall; YouTube: Nomad City Hall.
Нұр-Сұлтан қалалық филармониясында Қазақ оркестрінің Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы – Ел тірегі!» онлайн-концерті өтеді. Әлеуметтік желілер: Instagram:astana_filarmoniya, YouTube: филармония г. Нур-Султан.
1 желтоқсанда Жастар театры «Ұлтына қамқор – Елбасы» қойылымын ұсынады. Instagram, Facebook, YouTube.
«НАЗ» би театры 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Кемел елдің – кемеңгері » атты іс-шарасын өткізеді. Instagram, Facebook, YouTube.
ГАРДТ Кіші залында Абай мен А.Пушкиннің поэзиясы тақырыбында 30 көрерменге арналған моноқойылым өтеді.
С.Сейфуллин музейі «Елбасы – ел мақтанышы» онлайн көрмесін өткізеді.
Елордалық қуыршақ театры кішкентай көрермендерге «Арыстан патша» қойылымын ұсынады. Авторлары: И.Меччи, Дж.Робертс, Л. Вульвертон. Сілтемелер: Instagram, Facebook, YouTube:
1-2 желтоқсан аралығында білім басқармасы ұйымдастыруымен №1 балалар музыка мектебі «NEW VOICE» эстрадалық шеберлік байқауын, №3 балалар музыка мектебі «Гитара фрескалары» жас гитаристер байқау-фестивалін өткізеді. Сілтеме: ns_bilim_1dekabry.