421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» арнасынан «Абай жолы» телехикаясы көрерменге жол тартады

  • 293
  • UPD: 22:00, 25.12.2020

Сериалда ұлы ойшыл, ағартушы, ақын әрі композитордың өскен ортасы, тағдыры, өмір сүрген уақыты көрсетіледі.

Бұл кинотуындыда қазақтың көрнекті жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романын жазып, оны жариялау кезіндегі қиыншылықтары баяндалады. Әуезов романды жарыққа шығару үшін 20 жылдан астам уақыт ізденген, көптеген адаммен кездесіп, ақпарат жинаған. Фильмде ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың отызыншы жылдарындағы қоғам келбеті суреттеледі. Алты бөлімнен тұратын «Абай жолы» телехикаясын алдағы демалыс күндері, яғни 26-27 желтоқсанда сағат 15.00-де Хабар телеарнасынан көре аласыздар.    

Ұларбек Нұрғалымұлы, фильмнің сценарисі:

– Абай мен Әуезов – екеуі қазақтың қара сөзінің қаймағы. Сол қаймақты қалай бұзып алмай жеткіземіз деген мәселе бар. Бұл жерде соны сақтау, оны киноның тілінде беру, оны актердың айтылуына ыңғайлап беру сияқты қиыншылықтар болды. Оның бәрінен шамамызша өттік.

Хабар 24 телеарнасы