384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астаналық құтқарушылар суға түсу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді

  • 769
  • UPD: 15:43, 17.01.2017

Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құтқару қызметі суға түсу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Әсіресе кезекті христиан мереке қарсаңында суға түсушілер саны артатынын ескеріп, мамандардан жасақталған арнайы топтар кезекшілікке шығатынын хабарлады. Құтқарушылар мен медицина саласының қызметкерлері және әкімдік өкілдері суға түсуге келгендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады. Кез келген жерде суға күмп бермей, арнайы орындарда ғана шомылуға шақырды. Және алдын ала бірнеше жерде ойықтар ойылып, құтқарушылар сол жерде шоғырланатынын ескертті.

Эльдар Райымбеков, Астана қалалық ТЖД бөлім басшысы:

- Су орындары бізде мынау Есіл өзенінің бойынша Кенесары хан мүсінінің жанында және де Самал щағын ауданында. Ол жерлерде арнайы жергілікті әкімшілікпен және де белгіленген білім басқармалары әкімшілікпен олар да суды ойып және астына арнайы тақтайшалар орнатқан. Хапықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін. 

Хабар 24 телеарнасы