385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстікқазақстандық полицейлер борышкерлерге қарсы күресті күшейтті

  • 486
  • UPD: 11:45, 19.01.2017

«Айыппұлыңды төлемесең, абақтыға қамаласың!»

Солтүстікқазақстандық полицейлер борышкерлерге қарсы күресті осылай күшейтіп отыр. Тәртіп сақшылары «қара тізімге» енген тұрғындардың ісін сотқа беріп, абақтыға қамайды. Бұл шара Ішкі істер департаменті және прокуратура қызметкерлерімен бірге жүргізіледі. Олардың айтуынша, ереже бұзғандардың қарызы уақтылы қайтарылмай, қордаланып қалған. Өткен жылы 70 мыңдай адамға 500 млн теңгеден астам айыппұл салынып, оның жартысынан астамы ғана өтелген.

Болат Жексембинов, облыстық ІІД ӘПБ басшысының орынбасары:

- Өкінішке қарай, айыппұл төлемейтіндер көбейіп кетті. Өткен жылы ереже бұзған 9 мыңнан астам адам берешегін өтемеді. Олардың қарызы 100 млн теңгеден асып отыр. Сондықтан осындай амалға бардық.

Хабар 24 телеарнасы