382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендегі жолаушылар тасымалы қызметі сынға ілікті

  • 534
  • UPD: 10:36, 21.01.2017

Халық шағымын назарға алған қалалық қоғамдық кеңес өкілдері автобустардың техникалық және санитарлық жағдайын тексерді.

Нәтижесінде жүргізушілер мен кондукторларда халықпен байланыс мәдениеті қалыптаспағаны анықталды. Енді мамандар қоғамдық рейдті жиілетпекші. Себебі, былтыр болған 2 мыңға жуық тәртіп бұзушылық ретке келтірілмеген. Қоғамдық көліктерде аялдама хабарланбайды, тіпті арнайы кесте де жоқ. Облыс орталығында ақпан айынан бастап жолақы 90 теңгеге көтеріледі. Демек, тиісінше қызмет сапасы да артуы тиіс. Берілген уәденің орындалуын қоғамдық кеңес өкілдері жіті назарда ұстамақ.

Олег Фролов, қалалық қоғамдық комиссия мүшесі:

- Қоғамдық рейд тасымалдаушы мекемелердің ешбір қағиданы сақтамайтыны белгілі болды. Кейбір автобустарда тазалық жасайтын сыпыртқы да жоқ. Біз бұл кемшіліктер автопарк басшылығына ескертіледі, түзетілуін де қадағалаймыз.

Хабар 24 телеарнасы