389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады

  • 567
  • UPD: 22:27, 06.02.2017

Универсиада ойындарының соңғы күндері Алматы облысында күн ашық болады.

Түнде аяз білінгенімен, күндіз жылы. Дегенмен, синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғуы ықтимал. Шығыс, орталық және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болмағанымен, ауа температурасы күрт төмендейді. Түнгі уақытта 33 градусқа дейін суытады. 

Айдана Абыхан, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

- Ертең елордамыз Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнгі ауа температурасы – 17-19, күндіз 9-11-ді құрайды. Ал 8 ақпанда таңертең және күндіз қар жауады. Бұрқасын болады. Және желдің күші 15-20 м/с дейін болуы ықтимал. Түнгі ауа температурасы 20-22, күндіз 13-15-ті құрайды. 9 ақпанда көшпелі бұлтты. Кей уақыттарда қар жауады. Түнгі ауа температурасы және күндізгі ауа температурасы 13-15-ті құрайды.

Хабар 24 телеарнасы