389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысының Жақсы ауданында шағын және орта бизнес кең қанат жайып келеді

  • 643
  • UPD: 08:00, 28.03.2017

Бұған әсіресе, мемлекеттік бағдарламалар сеп болған.

Мәселен, бүгінге дейін бір ғана «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы 100-ден астам жергілікті тұрғын несие алып, жеке кәсіп ашқан. Жақсы ауылының тұрғыны Андрей Морозов, бұған дейін түрлі мекемелерде дәнекерлеуші боп жалданып еңбек еткен екен. Кейіннен жеке кәсіп ашуды ұйғарыпты. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 2 млн теңге несие алып, дәнекерлеу цехын ашқан. Әзірге қасына бір ғана адамды жұмысқа алып отыр.

Андрей Морозов, жеке кәсіпкер:

- Мен бұл цехта темірден түрлі бұйымдар жасаймын. Көктемде тапсырыс та көбейеді. Жұмысым алға басып жатса, кәсіп аясын кеңейткім келеді.

Ал, Запорожье ауылындағы жиһаз цехы бірнеше жылдан бері аудан көлеміне қызмет етіп келеді. Басында мұнда үш қана станок жұмыс істесе, қазір 5-6 заманауи қондырғы жиһаз жасау ісіне жұмылдырылған. Былтыр өндіріс ошағы жұмсақ жиһаз шығаруды қолға алыпты. Қазір мұнда 17 адам еңбек етіп жүр.

Ескендір Сәтқожин, шебер:

- Ауылдарда мұндай жұмыс ашылғаны өте жақсы. Кейбірде болады, қонаққа барғанда өзіміздің цехтан шыққан жиһаздарды көріп, соған қуана қарайсың. Жалақымыз жақсы. Қаладан да болады тапсырыстар. Енді жұмыс қалыпты.

Ауылды жерде кәсіп ашқандардың 75 пайызы негізінен мал шаруашылығымен айналысады екен. Ал, қалғандары қызмет көрсету саласын таңдапты.

Күләш Кәпеева, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры:

- Біздің жақта ЖҚС деген көп ашылып жатыр. Сосын Камаздармен тасымал бар. Балалардың ойнайтын жерлерін ашайын деп жатырмыз.

Аталған бағдарлама аясында биыл ауданға 96 млн теңге қаржы бөлініп отыр. Бұл өткен жылғы шағын несиеге қарағанда 36 млн теңгеге көп. Яғни, жақында ауданда тағы да көптеген бизнес нысандары пайда болады деген сөз.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Анатолий Полянный.

Хабар 24 телеарнасы