389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасының мақаласын Қарағанды облысының активі талқылады

  • 563
  • UPD: 21:54, 12.04.2017

Елбасының «Егемен Қазақстан» газетіне жарияланған мақаласын өңірлерде ең алғашқылардың бірі болып Қарағанды облысының активі талқылады.

Алқалы жиында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының әр тарауы жеке талданып, онда жүктелген міндеттерді жүзеге асырудың жолдары пысықталды.

Саяси және экономикалық реформаларды жемісті жүзеге асыру үшін қоғамның рухани жаңғыруы аса қажет. Ол үшін замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың алғышарттарына айналдыра білуіміз керек, - деді Елбасы өз мақаласында. Аймақ басшысы облыс активін осы жолда бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Ерлан Қошанов, облыс әкімі:

- Бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік, білімнің салтанат құруы, революциялық емес, эволюциялық даму, сананың ашықтығы. Аталған 6 ұстаным жәй ғана бұқараның санасын дамытудың құралы емес, рухты қайта жаңғыртудың, ұлттық ерекшелікті жаңа заманға бейімдеудің қағидасы.

Мақалада айтылған «Туған жер» бағдарламасы - ауыл-аймақтың ажарын ашатын, жас ұрпақтың бойына патриоттық тәрбиені сіңіретін игі бастама болары сөзсіз, - дейді жиында сөз алғандар. «100 жаңа есім» мен «100 оқулық» жобасы да көпшіліктің қызығушылығын туғызып отыр.

Серік Ақсұңқарұлы, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері:

- Біз бұл сөзді күткелі 26 жыл болған. Экономикамыз бәрі жақсы, фундаментіміз мықты. Нарықты меңгердік. Бізге енді рухани жаңару, ұлт болу, ру болмау, ұлыс болмау, ұлт болу мәселесі алдымызда тұр.

Активке зиялы қауым өкілдері де қатысып, өз ойларын айтты. Жиын соңында облыс әкімі жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Сайлау Игіліков, Әсет Асайынов

Хабар 24 телеарнасы