387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі бұқаралық спортты дамытуға қаржы қажет

  • 584
  • UPD: 16:26, 27.04.2017

Бұқаралық спортты дамытуға бөлінетін қаржы осы саладағы бюджеттің 30 пайызынан кем болмауы керек.

Бүгін Парламент қабырғасында сенатор Дариға Назарбаева осындай бастама көтерді. Оның ұсынысын әріптесі Икрам Адырбеков те қолдап, күрмеуі көп күрделі жайттарға тоқталды. Айтуынша, қазына қаржысының басым бөлігі кәсіби спорт түрлеріне бөлінеді. Оның үстіне жаңа заң жобасы бойынша олимпиадаға баратын үздіктер үшін жайлы жағдай жасау жоспарланып отыр. Бірақ бұқаралық спортқа бюджеттің тек 9 пайызы бөлінеді. «Бұған қоса демеушілер тарапынан қаржы қарастыру мәселесі бір ретке келтірілмеген», - дейді депутаттар. Өйткені спорт түрлерінің дамуында тепе-теңдік сақталмай келеді.

Икрам Адырбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Бюджеттен бөлінетін қаржының үлесін байқайтын болсақ 91 пайызы кәсіби спортқа бөлініп отыр. 9 пайызы халықтың күнделікті қолжетімді спортына бөлінеді. Сонда қалай? Біз осы халықтың барлығын спортқа жұмылдыру, аурудың алдын алуға бағыттауымыз керек.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Біздің мақсатымыз ақшаны ауыл, облыс тұрғындарына жеткізу. Сонда ғана біз бен сіз көтерген мәселені неге 90 пайызы, неге 9 проценті ғана бұқаралық спортқа кетіп жатыр демей, осы заң арқылы бұқаралық спортты дамытамыз.

Министрдің сөзіне сенсек, депутаттар көтерген мәселе егжей-тегжейлі ескерілетін болды. Яғни қаржыны кәсіби, мамандандырылған және бұқаралық спортқа біркелкі бөлу көзделіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы