387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елшілер отандық техникамен танысты

  • 601
  • UPD: 22:26, 25.05.2017

Еліміздің қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің экспорттық әлеуеті артып келеді.

Себебі, қазір отандық әскери техниканың заманауи үлгілері бәсекеге қабілетті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінде елшілермен өткен кездесуде айтылды. Жиында шетелдік серіктестермен екіжақты ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігі қарастырылды. Сондай-ақ шағын көрмеге әскери техникалардың үлгілері қойылған. Осы арқылы шетелдік дипломатиялық корпус өкілдері қорғанысымыздың қауқарымен танысты. Бүгінде елімізде 27 қорғаныс, 7 аэроғарыш кәсіпорны әскери техника шығарып, қорғаныс саласын толық қамтамасыз ете алатын дәрежеге жеткен.

Мейірбек Молдабеков, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі:

- Тағы жекешелендірілген бірнеше кәсіпорын бар. Солар Қорғаныс министрлігіне қажет өнімді өзімізде өндіру үшін жұмыс істеп жатыр. Аэроғарыш және қорғаныс өнеркәсібінің өнімдерін шетелге шығарып жатқандар бар. Бірақ шетелге қару-жарақ сату өте күрделі мәселе. Соны азайту үшін осы елшілермен әңгіме керек.

Хабар 24 телеарнасы