378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Батысқазақстандық полицейлер саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай деректі көрме ұйымдастырды

  • 1120
  • UPD: 19:49, 31.05.2017
Батысқазақстандық полицейлер саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай деректі көрме ұйымдастырды

Саяси репрессия құрбандары туралы ақпаратты анағұрлым қолжетімді қылу және оларды есімізде сақтау, олардың отбасыларының тарихын қайта қалпына келтіру басты мақсатымыз дейді департамент қызметкерлері.

Бұл ретте жазықсыз жапа шеккен туыстарын іздеген азаматтар үшін Ішкі істер министрлігінің веб-порталында әлеуметтік маңызы бар «Мемориал» сервисі  құрылған. Көрмеге кезінде репрессияға ұшырап, 2014 жылы ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарымен табылып, кейін сот арқылы ақталған азаматтарға қатысты қылмыстық істер, сонымен қатар Ұлы Отан соғысы кезінде тұтқынға түсіп, Германиядан келген бұрынғы КСРО азаматтары туралы іріктелген, трофейлік материалдар да қойылған. Олардың қатарында режиссер, драматург, қазақтың кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, халық артисі Жұмат Шаниннің қылмыстық ісі де бар. «Мемориалға» барлығы қуғын-сүргінге ұшыраған 8 мың 594 адамға ақпарат енгізілген.

Тек 2015 жылдың өзінде қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың туыстарынан, ғалым-зерттеушілерден, қоғамдық ұйымдардан, мұражайлар мен мемлекеттік органдардан, рухани бірлестік өкілдерінен, сондай-ақ, «Қазақфильм» киностудиясынан 33 өтініш пен сұрау салулар келіп түсіпті. Мұндай мәліметтер туыстарының тағдыры туралы мәліметтер іздеген жүз мыңдаған адам үшін маңызды. Сонымен қатар тарихи ақпаратты толығымен қалпына келтіру үшін ғалымдарға, тарихшыларға, журналистерге қажет. Ақталған азаматтар, не болмаса олардың өкілдері, қайтыс болған жағдайда олардың туыстары қылмыстық істердің процестік емес сипаттағы  құжаттармен танысуға, сондай-ақ істе сақталған қолжазбаларын, фотосуреттерін және өзге де жеке құжаттарын немесе олардың көшірмелерін алуға құқығы бар.

Авторы: Талғат Серікқалиұлы

Хабар 24 телеарнасы