382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте мүгедек балаларға арналған бірегей орталық ашылды

  • 405
  • UPD: 15:14, 05.06.2017

Мұнда келушілер тегін ем қабылдап, мамандандырылған кабинеттер мен жаттығу залында жалпы денсаулықтарын нығайтуға мүмкіндік алады.

Қызмет көрсету орталығына өз еркімен 700 адам жазылған. Сарапшылардың айтуынша, балалардың талпынысы мен құштарлығы жақсы. Бұрын осындай ем алу үшін ата-аналар басқа қалаларға сабылуға мәжбүр болатын. Енді барлығы бір жерде. Осындай қызмет түрін пайдалану үшін бір ғана жеке оңалту бағдарламасын көрсету жеткілікті дейді мамандар. Ендігі арман - науқастардың ауруханаға орналасып, толығымен ем алуына жағдай жасау.

Меруерт Ахметова, орталық директорының орынбасары:

- Осы орталықта бүгінгі күнде 32 бала қызмет алайын деп жатыр. Соларға 10 медициналық маман және 5 педагог мамандары қызмет етейін деп жатыр. Сонымен қатар  бізде монтессори кабинеті бар және сенсорлық кабинеті бар. Олардың бәрі балалның ой-өрісі мен ой-зердесін ашу мақсатында ашылған.

Хабар 24 телеарнасы