386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да дүлей дауылдан 5 адам зардап шекті

  • 753
  • UPD: 15:27, 18.07.2017

Шығыс Қазақстан облысындағы кешегі дүлей дауыл салдарынан 5 адам зардап шеккен.

Жарақат алған үшеуі жедел ауруханаға жеткізілді. Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов жеткізген дерек осы. Қазір облыс әкімдігінің жанынан арнайы комиссия құрылып, шығын көлемі есептеліп жатыр. Шығыс Қазақстандағы 3 аудан мен Өскемен қаласында ұйытқи соққан қатты желдің үдеуі 10 балдық деңгейге жеткен.

Руслан Иманқұлов, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі:

- Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне «Қазгидрометтің» ШҚО-дағы жергілікті бөлімшесі 17 шілдеде жауын жауып, найзағай тұратындығын хабарлаған. Желдің екпіні 20 метр секундына дейін жетеді деген болжам жасалған. Облыс тұрғындарына ТЖД сайты мен арнайы мобильдік қосымшалар арқылы ескерту жасалды.

Мереке Әбдірахманов, «Қазгидромет» РМК басшысының бірінші орынбасары:

- Бұл құбылысты 15-20 метр деп бердік. 10-12 сағат бұрын ауа райының болжамын жасап жібердік. Железновка және Жалғызтөбе станцияларында 30-34 м/сек жел тіркелді. Біздің станцияларымыз жедел әрі уақытында аталған құбылыстарды Төтенше жағдайлар органдарына хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы