389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да 22 адам су құрбанына айналған

  • 474
  • UPD: 19:23, 05.08.2017

Солтүстік Қазақстан облысында суға кетіп ажал құшқандардың саны артып барады.

Өңірде соңғы бес күнде 4 азамат батып кетті. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қайғылы оқиғалардың басым бөлігі ішімдік ішудің салдары екенін айтады. Оның үстіне шомылу кезінде тұрғындар қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамайтын көрінеді. Сондай-ақ тыйым салынған жерде суға түсуді әдетке айналдырған. Осыған байланысты құтқарушылар мен тәртіп сақшылары жағажайлардағы түсіндіру жұмыстарын күшейтті. «Әйтсе де ескертуді елемейтіндер көп», – дейді мамандар. 

Серік Наурызбаев, облыстық ТЖД бас маманы:

- Олқылықтың алдын алу үшін біз қазір күн сайын рейдтік шараларды өткізіп жатырмыз. Бүгінгі күнге дейін 200-ден астам азаматқа әкімшілік айыппұл салынды. Шомылу маусымы басталғалы бері облыста 22 адам ажал құшты. Олардың төртеуі бала.

Хабар 24 телеарнасы