384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайызды құрады

  • 1178
Астанада жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайызды құрады egemen.kz

1 маусым 15 тамыз аралығында Астана қаласының жұмыспен қамту орталығы арқылы 2500-ге жуық адам жұмысқа орналастырылған.

Елорда әкімдігінен хабарлағандай, Астана жұмыссыздық деңгейі бойынша ең төменгі көрсеткішпен көш бастап тұр. 1 тамызға дейінгі жағдай бойынша 10 000 жаңа жұмыс орны ашылып, олардың қатарында шағын және орта бизнес те бар. 

«Халықаралық мамандандырылған EXPO 2017 көрмесін өткізу барысында Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына 4 012 тұрғын жұмысқа орналастыру өтінішімен келді. Олардың 2409 адамы жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаумен қамтылды. Жұмыс берушілер арасында қонақ үй мамандықтары бойынша сұраныс өскен, бұл – аспаз, қонақ үй бизнесінің менеджері, гид-аудармашылар, қызмет көрсетушілер. Мысалы біздің орталық арқылы EXPO 2017 көрмесі аумағындағы жаңа «Hilton» қонақ үйіне 100 адам жұмысқа тұрды», деп көрсетілген хабарламада.

Ресми мәліметтерге сай, аталған департамент статистикасы бойынша 2017 жылдың ІІ тоқсанында Астанада жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ды құраған (жылдық жоспар бойынша 4,7%).

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

Хабар 24 телеарнасы