386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да шілдеден бері 3,5 мыңға жуық отбасы еселенген жәрдемақы алды

  • 490
  • UPD: 12:22, 04.09.2017

Қазақстанда тәуелсіздік алғалы бала туу көрсеткіші 60 пайызға артқан. Игі нәтижені жетілдіру мақсатында жыл сайын бір реттік ақы көлемі артып келеді. Шығыс Қазақстанда шілде айынан бері үш жарым мыңға жуық отбасы еселенген жәрдемақыға қол жеткізді.

Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 15 мыңға жуық сәби дүниеге келген. Бақытты аналардың қуанышын 7, кейін 20 пайызға артқан жәрдемақы көлемі де еселеді. Әр баланың өз несібесі бар. Үшінші перзентін дүниеге әкелген Альмира Қапатова да жағымды жаңалықтың отбасы үшін тосынсый болғанын айтады. 

Альмира Қапатова, жас ана:

- Жәрдемақының өскеніне мен қуаныштымын. Өйткені, бала болғандықтан оған бәрі керек. Больницаға да апарамыз, киім-кешек те, подгузник бәрі керек. Сондықтан, мен қуаныштымын. 70 бәленбай мың болған, енді мен 86 мың алдым. Арасындағы мөлшерлемеге мен қуаныштымын.

Қазақстанда бала туғанда берілетін бірреттік жәрдемақы үшін қазынадан қосымша 1 млрд 800 млн теңге бөлінген. Сәбилі болған отбасы қажет құжаттарды халыққа қызмет көрсету орталықтарында ресімдей алады. 

Азамат Есемболов, облыстық ХҚКО директоры:

- Халыққа қызмет көрсету орталығы таңғы 9-дан, кешкі 8-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді. Бұл халық үшін өте тиімді. Сәбилі болған аналар кез келген уақытта бізге келіп, құжат рәсімдеуіне болады. Сондай-ақ, перзентханаларда да осындай қызметтер көрсетеміз. 

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда 11 215 сәбиге 7 пайыз көлемінде бірреттік жәрдемақы төленген. Шілде айынан бастап, бұл мөлшер тағы 20 пайызға артты. Жағымды жаңалық көпбалалы аналар санын арттыруға сеп болмақ.

Сергей Кабигужинов, облыстық «Әлеуметтік төлемдерді есептеу орталығы» директорының орынбасары:

- Жалпы 1, 2, 3 балаға дейін 86 мың, 4 баладан бастап, 142000 теңге алады. Бүгінге дейін осы жәрдемақыны облыс бойынша 3500-дай отбасы алды.

Сәбилердің көбейгені – елдің түлегені. Халықтың әлеуметтік ахуалын түзеу мақсатында жүзеге асып жатқан бағдарламалар өз жемісін бере бастады. 

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы