386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халықаралық қағидаттарға сәйкестік сертификаты 2021 жылдың тамыз айына дейін жарамды

  • 450
  • UPD: 12:17, 27.09.2017
Халықаралық қағидаттарға сәйкестік сертификаты 2021 жылдың тамыз айына дейін жарамды LinkedIn

Денсаулық сақтау саласындағы Сапа жөнінде халықаралық қауымдастықтың атқарушы кеңесі 2017 жылдың 29 тамызында сарапшылар дайындау жөніндегі ұлттық оқу бағдарламасы сапаның халықаралық қағидаттарына сәйкес екендігі туралы кезекті шешімін шығарды.

Бұл туралы ДСДОР баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл ДСДРО Аккредиттеу орталығының 4 мүмкіндіктен «ISQua» халықаралық қағидаттарына сәйкес төртінші сертификаты.

Естеріңізге саламыз, 2017 жылдың басынан ДСДРО сапаның әлемдік стандарттарына сәйкес келетін «ISQua» аккредиттеуші ұйым ретінде танылды, стационарларға арналған стандарттар бойынша және амбулаториялық-емханалық ұйымдарға арналған стандарттар бойынша «ISQua» сертификаттарын алды.

Осының арқасында ДСДРО Аккредиттеу орталығы барлық бағдарламалар бойынша «ISQua» аккредитациясын алған ТМД және Шығыс Еуропа аймақтарындағы бірден-бір ұйым атанды.

Бұл Қазақстанның медициналық ұйымдарын аккредиттеу жүйесі ең жоғары деңгейдегі халықаралық талаптарға сәйкес келеді дегенді білдіреді және ДСДРО Аккредиттеу орталығы үдерістер әдістемелері және ұйымдастыру жағынан Joint Commission International (АҚШ) и Accreditation Canada (Канада) секілді халықаралық ұйымдармен бір қатарда тұрады.

Сонымен ДСДРО Аккредиттеу орталығы аккредиттеуші орган ретінде сондай-ақ консалтингтік компания ретінде халықаралық деңгейге шығуға мүмкіндік алды.

Аккредиттеу жүйесінің халықаралық талаптарға сәйкестігінің дәлелденіп, расталуы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында жоспарланған маңызды қадам.

Хабар 24 телеарнасы