Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі үздік мамандық иелері Әбу-Дабиде өтетін сайысқа аттанады

  • 512
  • UPD: 19:56, 06.10.2017

WorldSkills Competition – мамандық иелерінің арасында өтетін сайыс.

Жұмысшылардың мәртебесін көтеруге арналған шара 44-рет өз жалауын көтергелі отыр. 14 қазан күні Әбу-Дабиде әлемнің 77 елінен үздік шаштараз бен аспаздар, дәнекерлеуші мен ұсталар, сантехниктер мен дизайнерлер өз араларындағы әлем чемпиондарын анықтайды. Бұл сында 23 мамандық бойынша жеңімпаздар марапатталады. Қазақстан сайысқа 2014 жылдан бері қатысып жүр. Әзірге үздік жиырмалықтан орын сайлап отыр. Биыл да 23 үміткер өз мамандығының артықшылығын көрсетуге күш салады. Республикалық іріктеу сынында жеңіске жеткендер Біріккен Араб Әмірліктерін бетке алады.

Ғалия Дәулетова, ҚР БҒМ департамент директорының орынбасары:

– WorldSkills Қазақстан өңірлік және ұлттық чемпионаты Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «100 нақты қадам» ұлттық жоспарын жүзеге асыру шеңберінде жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру және жұмысшы жастардың мәртебесін арттыру бойынша тапсырмасын орындау мақсатында ұйымдастырылып келеді. Ағымдағы жылы мамыр айында Астана қаласында WorldSkills Қазақстан ұлттық чемпионаты өткізілді. Аталған іс-шараға еліміздің барлық өңірінен 200-ден астам студент пен жас мамандар қатысты. 

Хабар 24 телеарнасы