375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теңге тұрақтанып келеді

  • 574
  • UPD: 07:55, 10.10.2017

Ұлттық валютамыздың жыл соңына дейін тұрақтануына барлық мүмкіндік бар.

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді. Сондай-ақ ол базалық мөлшерлеме әзірге бұрынғыдай 10,25 пайыз деңгейінде сақталатынын айтты. Оның алдағы уақытта төмендеуі инфляцияның тұрақтылығына тікелей байланысты. Сондай-ақ Данияр Ақышев қыркүйекте шетел валютасына шектен тыс сұраныс болғанын айтады. Оны қанағаттандыру үшін Ұлттық банк интервенция жасап, 69,7 миллион АҚШ долларын сатқан. Жыл соңына қарай, ішкі нарыққа екі дүркін көлемді қаржы түседі деп күтіліп отыр. Оның алғашқысы шетел валютасында сақталған зейнетақы активтерінің 30 пайызға жуықтаған үлесі. Қазір Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорында валюта бағамына байланысты кіріс байқалып, жағдай жақсарған. «Екіншіден, Ұлттық банк ірі көлемдегі валютаны сатуға дайын отыр», дейді Ақышев.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

– Биыл Бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры алған шетел валютасының орташа бағамы 316,02 теңге көлемінде болды. Айырбас бағамындағы көрсеткіштерді есепке ала отырып, Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорының түскен кірісті салымшылардың пайдасы үшін Қазақстан қор биржасында сатуы да мүмкін. Сонымен қатар, жыл соңына дейін Ұлттық банк ұлттық қордан 1 миллиард АҚШ долларын валюта биржасында сата алады. Бұл бюджетке тиісті қаржыны теңгемен аудару үшін қажет.

Хабар 24 телеарнасы