384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы әскери бөлімде техниканың дайындығы тексерілді

  • 785
  • UPD: 23:35, 14.10.2017

Алматыдағы 97617 әскери бөлімде техниканың тегеуріні мен әзірлігі тексеріліп, әуе шабуылына төтеп беруге арналған жаңа С-200 зенитті-зымыран кешені сыналды.

Кезекті жаттығуда шартты түрде әуеден шабуыл жасаған ұшаққа қарсы қару қолданылды. Кезекші бөлімдер арасында қауіпті сәтте шұғыл әрекет ету, әскери тапсырманы орындау, көзделген нысананы дәл ату сияқты сынақтар болды. Әскерилердің айтуынша, барлық техника кез келген оқыс-оқиғаға сақадай сай. Сарбаздардың дайындығы да жоғарғы деңгейде.

Мұхит Нұрланұлы, 976 17 әскери бөлімінің штаб басшысы:

- Біздің дивизиондардың есеп топтары, жеке құрамы мен қару-жарағы, әскери техникасы жауынгерлік кезекшіліктің тапсырмаларын орындауға әрдайым жоғарғы әзірлікте.

Хабар 24 телеарнасы