387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде азаматтарды кәсіпкерлік негізіне оқыту жүріп жатыр

  • 596
  • UPD: 08:59, 15.10.2017

Шығыс Қазақстанда кәсіпкерлердің жаңа буыны әзірленіп жатыр. Мемлекеттік қолдау бастамаға серпін берген.

Зырян ауданында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 240 адам өз кәсібін ашып, жерлестерін жұмыспен қамтыды.«Жұмыссызбын» деп қол қусырып отыруға болмас. Керісінше, өз ісін бастап, өзгені жұмыспен қамту керек. Зыряндық Эльмира Сүбебаева осыдан бір жыл бұрын құрбысымен келісіп, аудандық жұмыспен қамту орталығына барған.

Бизнес жоспары үшін оларға 6 млн теңге несие берілді. Қазір кәсіпкерлер көпшілік сұранысына ие жартылай дайын өнімдер шығарады.

Эльмира Сүбебаева, кәсіпкер:

-6 млн алдық. Жартылай фабрикат деп алдық. Тоңазытқыш, ет тартқыш сатып алып, тестомес ашып, жұмысшы алдық. Елге манты, пельмендеріміз ұнайды. Ешқандай қоспалары жоқ.

Кәсіпкерлер қазір үш жерлесін жұмыспен қамтып отыр.  Жалпы ауданда жұмыспен қамту орталығына келіп, шағын несие алудан үмітті жандардың қатары артқан. 2011 жылдан бері «Жұмыспен қамту-2020»бағдарламасы аясында 239 адамға  590 млн теңге ұсынылыпты.

Берікжан Игісінов, Зырян аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры:

-Осы уақыт аралығында біз арнайы сараптама жүргіздік. Әсіресе Зырян, Серебрянск қалаларында кәсібін бастауға ниетті азаматтар көбейген. Несиенің дені ауыл шаруашылығы бағытына бөлінді.

Қазір Өскеменде азаматтарды кәсіпкерлік негізіне оқыту жүріп жатыр. Шараға өңірлік кәсіпкер әйелдер палатасы мұрындық болған. Жылына екі рет жүргізілетін тегін оқу барысында болашақ кәсіп иелері толық құқықтық, салықтық, психологиялық кеңестерге қанығады. Әрі мемлекеттік қолдауға қалай қол жеткізуге болатынын біліп шығады.

Христина Дорошенко, жоба үйлестірушісі

-Біз кәсіпкерлердің жаңа буынын дайындап жатырмыз. Олар жаңаша ойлап, жан-жақты болуы тиіс. Бұл үшін білікті мамандар тартылып отыр. 10 апта ішінде бизнес жоспарды құру, істі дөңгелентіп әкету жолдары түгел үйретіледі.

Кәсіптік сауаттылығын арттыруға келіп жатқандар инновациялық бағытта дамуды көздейді. Демек, кәсіпкерліктің келешегі кемел болмақ.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы