387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОҚО-да Өзбекстанға өте алмай тұрған жүк көліктерінің кептелісі түзілді

  • 516
  • UPD: 11:33, 27.10.2017

Оңтүстік Қазақстан облысында шекара бойындағы «Бауыржан Қонысбаев» өткізу бекетінде Өзбекстанға өте алмай тұрған жүк көліктерінің кептелісі түзілді.

Мұнда көрші мемлекетке қарай жүк алып келе жатқан 180 көлік тұр. Кептелістің ұзындығы бір жарым шақырымға жақын. Кеше бір тәулікте осы бекет арқылы Өзбекстанға қарай 118, ал Қазақстанға қарай 122 жүк көлігі өткен. Олардың құжаттары дұрыс болған соң тез өтіп кеткен. Кеденшілердің айтуынша, кептеліске екі себеп бар. Біріншіден, екі ел арасында жүк тасымалы артқан. Екіншіден, Қытайдан Өзбекстанға келе жатқан көліктердің көбінде рұқсат қағазы жоқ.

Темур Мырзағаликов, облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы: 

- Шетел ел болған соң кіріп-шығуы үшін жүк көліктеріне берілетін арнайы рұқсат құжат болады. Осында тұрған көліктерде ол жоқ. Алу үшін көлік компаниясымен байланысып, тапсырыс беру керек. Оған уақыт кетеді.

Хабар 24 телеарнасы