386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Экономист: Ішкі нарықтық экономикаға жағдай жасау үшін жеке кәсіпкерлік арасындағы бәсекелестікті түзеу қажет

  • 673
  • UPD: 17:57, 27.10.2017

Кәсіпкерлік саласын мемлекеттік тарапынан реттеу енді тек бизнесті дамыту бағытына негізделеді.

Бұл туралы бүгін елордада өткен жиында Ұлттық экономика министрінің орынбасары Серік Жұмағарин хабарлады. Вице-министрдің айтуынша, жаңа жүйе отандық кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестік аясын қалыптастырып, сауда нысандарын орынсыз тексерудің алдын алады. Конференция қатысушыларына таныстырылған жаңа заң жобасы 103 Заңнама мен 13 кодекске 900-ге жуық түзету мен толықтыру енгізуді қарастырады.

Серік Жұмағарин, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:

- Реттеуші органдар бизнеске келгенде, олар жазаға тартпайды, айыппұл салмайды. Түсіндіреді не керегін. Мысалы, анау жетпейді, мынау жетпейді деп. Уақыт береді өзгертуге. Содан кейін бизнес тыңдаса, орындаса, ешқандай жазаға тартпайды.

Конференцияға қатысқан белгілі экономист Рахым Ошақбаев өз баяндамасында мемлекеттік органдардың ашықтығы туралы сөз етті. Сарапшының айтуынша, ішкі нарықтық экономикаға жағдай жасау үшін жеке кәсіпкерлік арасындағы бәсекелестікті түзеу қажет. Осы мәселе аясында қазақ-қырғыз шекарасындағы бақылаудың күшейтілгеніне де өз қолдауын білдірді.

 

Хабар 24 телеарнасы