384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертіс өңірінде лицей оқушыларының ата-аналары арасында спартакиада өтіп жатыр

  • 514
  • UPD: 09:26, 29.10.2017

Ертіс өңірінде дарынды балаларға арналған лицейлердің ата-аналары арасында спартакиада өтіп жатыр.

Бұқаралық шараға еліміздің шығысынан және Екібастұз бен павлодарлық ата-аналардан жасақталған 8 команда келген. Тартысты бәсекеге қолдау білдірген топтар спорттың үш түрі бойынша волейбол, шахмат, үстел теннисінен сынға түседі. Жарысты ұйымдастыруға Павлодардың «Білім-инновация» мектеп-интернаты ұйытқы болды. Бұл оқу ордасы жыл сайын күз мезгілінде дәстүрлі түрде ата-аналардың басын қосады. Биылғы біріншілік «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдауға бағытталған. Ұйымдастырушылар осындай шаралар арқылы жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырамыз деген сенімде.

Адалбек Айбас, жарыстың бас төрешісі:

– Шара «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының аясында өткізіліп отыр. Мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыруды нығайту, ата-аналардың арасында, лицейлер арасында татулық, достықты насихаттау.

Рамазан Баяр, «Білім-инновация» лицей-мектебінің директоры:

Өте жақсы өтіп жатыр. Келген ата-аналарымыз болсын, алыстан келіп жатқан ата-аналарымыз бәрі риза. Бәрінің көңіл күйі жақсы. Мына үстел теннисі болсын, шахмат болсын өте жақсы деңгейде өтіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы