384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетау қаласының іргесінде Ботай мәдениетіне тиесілі бүтін бір қоныс жатыр

  • 749
  • UPD: 13:44, 04.11.2017

Көкшетау қаласының іргесіндегі Красный яр кентінің маңында Ботай мәдениетіне тиесілі бүтін бір қоныс жатыр.

Бұл туралы танымал тарихшы, археолог Виктор Зайберт мәлімдеді.

Ғалымның айтуынша, енді бұл төңіректі толық зерттеу қажет. Қазірдің өзінде осы маңайдан 1 мыңға жуық жәдігер табылған. Тәжірибелі археолог сондай-ақ Красный ярдан жылқы мен қымыз музейін ашуды да ұсынып отыр.

Себебі Ботай мәдениеті тұсында жылқы ең алғаш қолға үйретілген болатын. Айта кетейік, Виктор Зайберт – Солтүстік Қазақстанның ежелгі тарихы мен археологиясы бойынша 100-ден астам монография мен ғылыми мақала жазған бірден-бір зерттеуші ғалым. Тарихшы: «Ақмола облысындағы 2 мыңнан астам археологиялық нысанның негізгі бөлігі Ботай мәдениетіне тиесілі», – дейді.

Виктор Зайберт, тарих ғылымдарының докторы, археология профессоры:

– Бұл қоныстағы адамдар жылқы шаруашылығымен айналысқан. Аңшылыққа да жақын болған. Қазба жұмыстарына қаржы бөлінген соң бастаймыз. Жақында Қостанай қаласынан 200 шақырым қашықтықта Ботай мәдениетіне тиесілі тағы бір қонысты таптық. Мұндай ежелгі елді мекендер жалпы Қазақстан аумағында көптеп кездесуі мүмкін.

 

Хабар 24 телеарнасы