Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 144
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОҚО диқандары 400 мың тонна бақша өнімдерін экспорттады

  • 581
  • UPD: 07:49, 19.11.2017

Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары биыл 376,5 миллиард теңгенің ауылшаруашылық өнімдерін жинап, табысты арттырды.

Өңірде биыл 400 мың тоннаға жуық астық қамбаға құйылды. Шаруалар жаңа технологияларды қолданудың арқасында бақша дақылдарының да көлемін әлдеқайда ұлғайтқан. Нарық жағдайын меңгерген диқандар өнімдерін шетелге көптеп шығара бастады. Өткен 9 айда Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Латвия, Литва, Эстония және Германияға 225 мың тоннадан астам қауын, 148 мың тонна қарбыз, 14 мың тоннаға жуық жүзім, 43 мың тонна шамасында орамжапырақ сатылды. Жалпы ауылшаруашылық экспортының көлемі 211 миллион АҚШ долларын құрады.

Әбдібай Мұстафаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

– Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 6 пайызға көп болып тұр. Сонымен қатар импорт үлесіміз азайды. Былтыр 320 миллион доллар болса, биыл 4 пайызға азайды.

Хабар 24 телеарнасы