389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұрланған көліктерді қайтаруға қатысты заң жобасы қаралды

  • 485
  • UPD: 19:36, 29.11.2017

Елімізде ұрланған көліктің көбі шетел асып кеткен.

Мысалы, ТМД елінен 200 көлік табылып, 66-сы елге қайтарылды. Бұл – соңғы 12 жылдың дерегі. Бүгін бұл туралы Жоғарғы палата депутаты Владимир Волков Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында мәлімдеді. Сенатордың айтуынша, тәуелсіздік жылдары 60 мың темір тұлпар айдап әкетілген. Депутаттар «ТМД-ға мүше мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады.

Хабар 24 телеарнасы