386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің әскери патриоттық орталығына 2 жыл толды

  • 925
  • UPD: 20:07, 29.11.2017

Ашылуына Мемлекет басшысы қатысқан нысан бүгінде жастардың оқу-ағарту мекеніне айналды.

Қазақстан Ресупубликасы Қарулы күштерінің «алтын дауысы» кезекті концертке дайындық үстінде. Дәурен Төлеубаевты әріптестері ерекше сыйлайды. Байқаулардан құр қол қайтқан емес дейді. Жақында Мәскеуден де отандасымыз жүлделі оралды.

Дәурен Төлеубаев, вокалды-аспаптық топтың концертмейстері:

– Жалпы Мәскеуге үш адам бардық. Финалға өткеннен кейін бір күннің ішінде трио жасап, трионың арқасында бірінші орынды иелендік.

ҚК ұлттық әскери-патриоттық орталығы – Дәурен Төлеубаевтың екінші үйі. Ашылғанына 1 желтоқсан күні екі жыл болады. Шығармашыл әскерилерді бауырына басып, басын қосты. Балалар да ұмыт қалмаған. Олар үшін «Жас сарбаз» үйірмесі ашылып, жеке бөлме бөлінді. Жалпы орталық басшылығы әскерилердің тұрмыстық мәселесін шешуде де белсенділік танытып келеді.

Айдос Серікбаев, ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының басшысы:

– Әскери қызметшілердің негізгі мақсаты – отанына қызмет ету. Олардың тұрмыстық жағдайын біле бермейміз. Бөлім осындай отбасылармен жұмыс істейді.

Әскери патриоттық орталықтың ашылуына Мемлекет басшысының өзі қатысқан еді. Сол кезде Елбасының батасын алған жастардың жігері жанып тұр. Патриотизм деп қу шөппен ауыз сүртпей, отанға деген сүйіспеншілікті нақты іспен дәлелдеуге дайынбыз дейді. Келер жылдан бастап, ҚР әскери патриоттық жұмысын жетілдіру бойынша мемлекеттік бағдарлама қабылдануы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы