384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОҚО-да бірнеше жаңа нысан пайдалануға берілді

  • 850
  • UPD: 10:09, 02.12.2017

Оңтүстік Қазақстан облысында Тұңғыш Президент күніне орай бірнеше жаңа нысан ашылды.

Шымкент қаласында 96 отбасы баспана кілтін алып қуанса, шаһардағы Металлург саябағы қайта жанданды. Мерекеде ордабасылық тұрғындар да қоныс тойын тойлады. Ал Бәйдібек ауданында мемлекет қаржысына тұрғызылған мәдениет үйі пайдалануға берілді.

Жаңа қоныс берекелі ырыс. Облыс орталығында мерекеге орай көп қабатты екі тұрғын үй пайдалануға берілді. «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында салынған баспаналардың құрылысына 1,2 миллиард теңге көлемінде қаржы жұмсалыпты. Мұндағы пәтерлердің жалпы ауданы 14776,6 шаршы метрді құрайды. Ал өз үйінің кілтін қолына алған жас отбасылардың қуанышында шек жоқ.

Дәулет Есімханов, баспаналы болған жас отбасы:

– «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында өте керемет пәтерге ие болып отырмыз. Елбасының жастарға деген қамқорлығына рахмет айтамыз.

Шымкент қаласында жөндеу жұмыстарынан өткен «Металлургшілер» саябағы қайта пайдалануға берілді.  Жаңғырып жаңарған саябақтың 60 жылдық тарихы бар. Қалпына келтіру жұмыстарынан соң саялы мекеннің аумағы  3,6 гектардан 5 гектарға дейін ұлғайып отыр. Демалыс аймағында соңғы үлгідегі  жарық шамдар мен қоқыс жәшіктері орнатылып, келушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын субұрқақ та салынған.

Надежда Юдакова, Шымкент қаласының тұрғыны:

Мен осы саябақтың маңында тұрамын. Бір кездері бұл демалыс орны қараусыз қалған еді. Қоқыс басып, аянышты халге жеткен. Міне түрленіп шыға келді. Тек алғыстан басқа айтарымыз жоқ. 

Бұл күні ордабасылық тұрғындарда шат-шадыман күй кешті. Аудан орталығы Темірлан елді мекенінде 28 отбасыға 14 коммуналдық үй берілді. Облыстық қазынадан 342 миллион теңгеге бой көтерген баспаналар ең әуелі мүмкіндігі шектеулі жандар мен әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға үлестірілді. Ордабасы ауданында қазірдің өзінде 200-ден астам адам тұрғын үй кезегіне тіркелген.Өңірде енді көп қабатты үйлер салу жоспарда бар.

Қуаныш Ысқақов, аудандық ТКШ автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

– Алдағы уақытта Бадам және Шұбар елді мекендерінде екі бес қабатты үш подьезді тұрғын үй салу жоспарлануда. Келесі жылы сметалық құжаттары әзірленеді. 2019 жыды құрлысы басталып, 2020 жылы аяқталады.

Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай  Бәйдібек ауданында 150 орындық мәдениет үйі ашылды. Бұл мәдениет ошағы толықтай құрал-жабдықтармен, компьютерлермен және жиһаздармен қамтамасыз етілген.  Көрермендерге арналған концерт залы мен кітапхана және оқу залы бар. Су жаңа ғимаратта алғашқы мереке де аталып өтілді. Бұл күні Мемлекет басшысымен түйдей құрдас жандарға алғыс хаттары мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Бахытбек Танагөзов, Бәйдібек ауданының әкімі:

Өнер мен мәдениет халықтың айнасы деп айтылады. Осы мәдениет нысандарының барлығы кейінгі кезде ауданымызда жаңартылуда. Бүгінгі күнде қомақты 10 мәдениет нысан бар еді. Бүгін соның біреуі қосылып, ауданның мәдениет саласына үлкен бір қарқын бермек.

Бүгінгі мерекеде Шымқала тұрғындары Елбасының фотокөрмесін тамашалады. Бұл бейнелер Мемлекет басшысының Оңтүстік Қазақстан облысы  мен Шымкент қаласына жасаған сапары кезіндегі суреттерінен құралыпты. Көрмеге облыстағы фотографтардың таңдамалы 50-ден аса туындысы таңдап алынған болатын.   

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы