384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Игорь Баринов: Қазақстан қоғамдағы тұрақтылықты сақтау арқылы жоғары деңгейге жетті

  • 454
  • UPD: 15:19, 02.12.2017

Қазақстан Тұңғыш Президенттің басқаруымен саясат және экономикадағы ауыс-түйістен әлеуметтік теңдікті және қоғамдағы тұрақтылықты сақтап жоғары деңгейге жетті.

Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлтаралық және халықаралық келісімдердегі маңызды рөлін Ресейдің ұлттар істері жөніндегі федералды агенттігінің басшысы Игорь Баринов осылай атап өтті.

Игорь Баринов, Ресей ұлттар істері жөніндегі федералды агенттігінің басшысы:

– Менің ойымша, Нұрсұлтан Назарбаев – тек Қазақстан үшін емес, барлық посткеңестік елдер аумағында абыройы асқақ, маңызды тұлғаға айналған адам. Ол қазақ елін экономикалық тұрғыда да, әлеуметтік тұрғыда да ең қиын кезеңдерден алып шықты. Бұл – Елбасы мен ол құраған топтың ортақ жемісі. Сіздерге тек жақсылық тілеймін.

 

 

Хабар 24 телеарнасы