366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысының Қашар кентінде «ақылды кеніш» жобасы іске қосылды

  • 544
  • UPD: 23:18, 07.12.2017

Еліміздегі тау-кен саласын сандық жүйеге көшіруде алғашқы қадам жасалды. Қостанай облысы Қашар кентінде «ақылды кеніш» жобасы іске қосылды.

Ашық әдіспен жұмыс істейтін кен орындарында бұл өте үнемді. Алдын ала жасалған болжам бойынша инвестициялық жобаның экономикалық тиімділігі жылына 2 млрд теңге шамасында болады. Кеніштегі шығындар едәуір азаяды, ауыр жүк техникасының қозғалысы, тиеу жұмыстары кеншілерге алдын ала хабарлама ретінде келіп тұратын болады. Осы арқылы шикізат тасуға кезек күтетін көліктер легі қысқармақ. Және кен орнында болатын апаттардың алдын алу мүмкіндігі кеңейеді. Жоба құны 3 млрд 200 млн теңге тұрады. Қазір Қашардағы кеніште 3 мыңнан астам адам еңбек етеді. Нысан ашылардан бұрын 33 инженер-техник маман, 400-ге жуық жұмысшы арнайы оқытудан өткен. Келешекте бәкелестікті арттыру мақсатында өндіріске «Индустрия 4.0» элементтері кеңінен енгізіле бермек.

Хабар 24 телеарнасы