376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада 210 пәтерлік үй қолданысқа берілді

  • 763
  • UPD: 22:17, 19.12.2017

Қызылордада 210 пәтерлік үй қолданысқа берілді.

Жалдамалы тұрғын жайдың пәтер кілттері көп балалы отбасылар, мүгедектер, соғыс ардагерлері мен ата-ана қамқорлығынсыз қалғандарға табысталды. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында жаңадан салынған үйге қол жеткізгендердің 25-і бұрынғы балалар үйінің түлегі, 17-сі патронаттық отбасында тәрбиеленген жеткіншек. Жалпы биыл облыста күрмеулі мәселенің бірі апатты үйлер жойылып, тұрғындар жаңа қонысқа көшірілді. Соңғы 4 жылда облыс орталығында 7 мыңнан астам тұрғыны бар 12 шағын аудан бой көтерген.

Хабар 24 телеарнасы