388,70 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау процесі сандық форматқа көшеді

  • 653
  • UPD: 21:59, 21.12.2017

Еліміздің сайлау процесі сандық форматқа көшуге дайындалып жатыр.

Бүгін Дүниежүзілік сайлау органдары қауымдастығының бас хатшысы Ёнгхи Киммен кездескен Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев осылай деді.

Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына қосылған. Жалпы сайлаушыларды электронды тіркеу жүйесі биыл маусым айында Сенат депутаттарын сайлау кезінде тұнғыш рет апробацияланған еді.

Сол кезде жаңа жүйе дауыс беру мен оны қорытындылау процесінің ашықтығын қамтамасыз етті. Кездесуде электронды оқыту, Қазақстанның сайлау жүйесіне ІТ технологияларды енгізу мәселесін сөз еткен тараптар, екіжақты ынтымақты әрі қарай жалғастыруға және тиімді іскерлік байланыс орнатуға дайын екендерін білдірді.

Хабар 24 телеарнасы