383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте жемқорлықпен күрес шарасы жүргізілді

  • 543
  • UPD: 23:31, 29.12.2017

Оңтүстік Қазақстан облысында көлікке берілетін техникалық байқау құжатын қолдан жасау дерегі белең алған.

Осыған орай Шымкентте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаменті және көліктік бақылау инспекциясы автокөліктерге рейд жүргізіп, біраз заңсыздықты әшкереледі. Шара барысында 86 автокөлік тексеріліп, нәтижесінде 32 жалған диагностикалық карта деректері анықталған. Жібек жолы бойында 27 жүк көлігі тексеріліп, жол ережесін өрескел бұзған көлік иелеріне 7 әкімшілік хаттама толтырылды.

Ержан Қалымбетов, ОҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының бөлім басшысы:

- Жыл басынан бүгінгі таңға дейін біздің инспекциямен 10 900 автокөлік тексерілді. Оның ішінде 1 617 әкімшілік хаттама толтырылды. Жолдың көтеру салмағы 25 тоннадан аспау керек. ҚР заңымен бекітілген. Жүргізушілер өздерінің бір барып келген екі рейсті үнемдеп, шамадан тыс артады.

Хабар 24 телеарнасы