378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында мүгедек жандарға жеке кәсіп ашуға арналған құрал-жабдық тарту етілді

  • 819
  • UPD: 08:41, 24.12.2017

Маңғыстау облысында мүмкіндігі шектеулі жандар жаңа кәсіп бастауға қажетті құрал-жабдықтарға қол жеткізді. Бұл «Даму Көмек» бағдарламасы арқылы жергілікті меценаттардың жасаған тартуы.

Олар 1 жарым млн теңгеге тігін машинасы, көлік жөндейтін құралдар, интерактивті тақта, массаж аппараттары мен  шахмат тақтасын сатып алып берді. Бұл сыйлық мүгедек жандардың өзіне ғана емес  өзгеге де пайдасын тигізуіне мүмкіндік бермек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аймақтағы бизнес құрылымдар, кәсіпкерлер одағы, үкіметтік емес ұйымдар мен жекелеген жомарт жандар мұндай жобаларды жүзеге асырып, көмек қолын созуға әрқашан дайын. 

Ынтагүл Байбатырова, кәсіпкер, II топтағы мүгедек: 

- Осы сертификатты шынын айтқанда қолыма алғанша сенген жоқпын. Енді қазір өте қуаныштымын! Әрі қарай осы аппаратпен, масажыммен көп балаларды аяғынан тұрғызамын деген үміттемін. Оған дейін массаж емімен де көп баланы емдегенмін. Бірақ мына аппаратпен емдегенде оның екі есе пайдасы көп тиеді.

Хабар 24 телеарнасы