384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Андрей Мамыкин: Нұрсұлтан Назарбаевтың 10 тапсырмасы – мемлекеттің тұрақтылығы

  • 672
  • UPD: 09:39, 10.01.2018

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында өте өзекті және өршіл жоспар ұсынып отыр.

Мұндай нақты тапсырмалар келешегі кемел елдің одан әрі дамуына даңғыл жол ашары сөзсіз. Біздің Брюссельдегі меншікті тілшімізге сұхбат берген Еуропарламент депутаты Андрей Мамыкиннің ой-пікірі осыған саяды.

Андрей Мамыкин, Еуропалық парламент депутаты:

- Ауыл шаруашылығы, экономика, өндіріс, коммуналдық шаруашылық пен қалаларды басқаруда жаңа технологияларды енгізу. Президент қазір Еуроодақ енгізіп жатқан Смарт Ситиді ұсынды. Бұл Елбасының тапсырмалары Еуропалық одақ үшін де, тек Шығыс Еуропа емес, Латвия, Бельгия, Франция, Германия үшін өте өзекті. Бәрімізді біріктіретін нәрсе ол технологиялар. 10 тармақ болып айтылған жоспардың мақсаты айқын. Ол тұрақты қоғам, қауіпсіз ел құру дегенді білдіреді. Себебі қауіпсіздік дегеніміз әр отбасындағы бейбіт өмір, болашаққа деген сенім. Тағы бір қуантатыны, Президент жеткен жетістіктермен тоқтап қалмай, сандарды сөйлетті. Мысалы зейнетақы мөлшері 1,8 есеге өседі. Яғни екі есеге көп.

Хабар 24 телеарнасы