388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Олаф Скуг: Швеция БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстанмен бірлесіп жұмыс атқаруға қуанышты

  • 501
  • UPD: 14:19, 16.01.2018

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Қазақстан төрағалық ететін мәжілістің күн тәртібінің маңыздылығын атап өтті.

Олардың арасында БҰҰ жанындағы Швецияның тұрақты өкілі Олаф Скуг та бар. Біздің арнамызға берген сұхбатында ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Қазақстан Президентімен кездесуді асыға күтіп отырғанын жеткізді.  

Олаф Скуг, БҰҰ жанындағы Швецияның тұрақты өкілі:

- Швеция қазіргі таңда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық етіп жүрген Қазақстанмен бірге жұмыс істеуге өте қуанышты. Қазақстанның  Орталық Азия аймағындағы беделі зор. Биылғы жылдың бастамасы да соны айғақтайды. Қазақстан қашанда жаһан жұртын алаңдатып отырған мәселелерге басымдық береді. Соның бірі Ауғанстан тақырыбы. Ауғанстанның дамуы мен тұрақтылығына сіздің елдің қосқан үлесі зор. Қазақстан қарусыздану және жаппай қырып жоятын қаруды таратпау мәселелері бойынша адамға сенім ұялатады.

Хабар 24 телеарнасы