386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысының бірнеше ауданында электр жарығы сөнді

  • 497
  • UPD: 14:18, 16.01.2018

Атырау облысында таяуда кешкі сағат 21:00-де апатты жағдай болды.

Орталықтағы екі турбинаның қатар істен шығуына байланысты облыс орталығының көптеген шағын аудандары мен Мақат, Махамбет және Исатай аудандарында электр жарығы өшті. Қазір апатты жағдай қалыпқа түсе бастады. Түнгі сағат 00:00-де қуаты 80 мегаВаттық турбина іске қосылды. 

Мейірім Қалауи, қала әкімінің орынбасары:

- Ең бастысы әлеуметтік нысандар соның ішінде балабақшалар, дербес жылу орталықтарына қосылған емханалар, су айдау станциясы ең бірінші кезекте іске қосылды. Бұл екі турбина 6 және 12-турбина қазір он екінші турбинаны қостық. 6-турбинаның жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Авариялық бригада бар.

Хабар 24 телеарнасы