378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Kazakh TV» арнасы даярлаған бейнематериалдар бірқатар шет мемлекетте көрсетіледі

  • 390
  • UPD: 11:18, 20.01.2018

Әлемнің белді бұқаралық ақпарат құралдары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Америка Құрама Штаттарына ресми сапары туралы хабарлағаны белгілі.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуші мемлекеттің басшысы ретінде отырыста жасаған мәлімдемесі де жер-жаһанға таратылып жатыр. Осы орайда «Хабар» Агенттігіне қарасты «Қазақ ТВ» телеарнасы бұл бағыттағы жұмыста асқан белсенділік танытып отыр. Халықаралық медиа саласындағы әріптестерімен берік ынтымақтастық орнатып, жергілікті редакция дайындаған бейнематериалдар енді Қытайдың CCTV, Польшаның TVP, одақтас Беларусь және Әзербайжанның орталық телеарналарынан да көрсетіледі. «Қазақ ТВ» телеарнасының директоры Сандуғаш Рақымжанованың айтуынша, соңғы 5 жылда халықаралық медиаәріптестік қарқын алып, ұдайы дамумен келеді.

Сандуғаш Рақымжанова, «Kazakh TV» телеарнасының директоры: 

- Мұны жай ақпарат алмасу емес, отандық контенттің шетелдік телеарналарда трансляциялануы дер едім. Біз білім бағдарламалары бойынша да тығыз ынтымақтасып, арнайы тапсырыс арқылы материалдар дайындап, өзара әрекеттесіп келеміз. Алдағы уақытта медиаәріптестер санын көбейтіп, жаңалықтарымыз белді арналарда көрсетіліп, шетелдік көрермен санын арттыруды көздеп отырмыз. Қазақстан туралы жер-жерде әртүрлі тілде айтатын болады деп үміттенеміз.

Хабар 24 телеарнасы