384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысы Қармақшы ауданында жазғы лагерь салынып жатыр

  • 869
  • UPD: 21:43, 28.01.2018

Қызылорда облысында балалар тынығу лагері салынып жатыр. Жазда балғындар демалатын нысаны жоқ жалғыз аудан Қармақшы еді.

Қармақшылық оқушылар демалыс кезінде, Ұлттық бірыңғай тестілеуге және пәндік олимпиадаларға дайындалу үшін өзге аудан немесе облыс орталығына жіберілетін. Енді өрендер қысы-жазы жұмыс істейтін көп функциялы типтік жобада салынып жатқан кешенде тынығып, білімін жетілдіретін болады. Құны бір миллиард 292 миллион теңгені құрайтын 150 орындық лагерь күзге дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Жалпы Қармақшы ауданында құрылыс көлемі 3 есеге дейін артпақ.

Сұлтан Мақашов, Қармақшы ауданының әкімі: 

- 9 жарым млрд тг көлемінде құрылыс жұмыстары жүреді биыл. Көпір құрылысы, құс фабрикасы құрылысы. Бұның нәтижесінде қосымша жұмыс орны ашылады, ауданға салынатын инвестиция көбейеді. Биыл аудандық маңызды қордаланған көптен 4 ірі жолға күрделі жөндеу жұмыстары өтеді. Бұған 1 млрд қаржы бөлініп тұр.

Хабар 24 телеарнасы